
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Мағжан орталығында Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы, Әдістемелік орталық және Қазақстандық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының бірлесуімен жас педагогтер арасындағы облыстық «Дебют» конкурсының ІІ кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.
🔖 Жұмыс өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі 14 жас маман байқаудың осы кезеңіне қатысып, өздерінің креативтілігі мен жаңашыл идеяларын, кәсіби құзыреттілігін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау – білім саласындағы жас мамандардың тәжірибе алмасуына, шығармашылығын көрсетуге және кәсіби дамуына бағытталған маңызды алаң болды. Қатысушылардың жобалары қазіргі мектеп алдындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тиімді шешім ұсынуға ұмтылды.
📌 «Дебют» байқауы жас мамандардың педагогикалық жолындағы алғашқы жарқын қадамына айналып, болашақ жетістіктеріне жол ашты.
Сондай-ақ осы шара аясында республикалық “Үздік педагог – 2025” байқауының жеңімпаздары қатарынан 5 ұстаз салтанатты түрде марапатталды. Бұл марапат олардың кәсіби еңбегі мен шығармашылық ізденісінің айқын дәлелі болды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Табыстарыңыз толастамасын, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 28.11.2025
Комментариев нет
просмотров: 28
Adidas Stan Smith
Эта элегантная модель создана в 1971 для легенды тенниса — Стэна Смита
27000 KZT
Шапка "Бини"
Любая шапочка без завязок, которая более-менее плотно обхватывает голову
7000 KZT