
Ағымдағы жылдың 21-22шілдесінде Астана қаласында негізгі және жалпы орта білім беру педагогтеріне арналған республикалық жазғы сессия өз жұмысын бастады.
📌 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессияның ашылу рәсімі өтті.
🔖 Ашылу барысында министр Жұлдыз Сүлейменова алдағы оқу жылында негізгі және жалпы орта білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын басым бағыттар мен маңызды өзгерістерге тоқталып, жаңашылдықтарды өңірлерде сапалы әрі үйлесімді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
📌Жазғы сессияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру жүйесіндегі жаңартуларды жан-жақты талқылау, оларды тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын айқындау және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.
📚 Пленарлық отырыстар мен тақырыптық воркшоптар барысында Жаңа Конституция құндылықтарын білім беру үдерісіне енгізу, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, жаңартылған үлгілік оқу бағдарламалары, бағалаудың заманауи тәсілдері және жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелері кеңінен қарастырылды.
⚖️ Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–11 сыныптарда «Заң және тәртіп», ал 5–11 сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курстары оқытылады. Сондай-ақ «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны Жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіріліп, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталды.
❗️Жазғы сессия барысында қатысушылар пәндік бағыттар бойынша тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылындағы өзгерістерді тиімді жүзеге асыру тетіктерін талқылауды жалғастырды.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 22.07.2026
Комментариев нет
просмотров: 66
Adidas Stan Smith
Эта элегантная модель создана в 1971 для легенды тенниса — Стэна Смита
27000 KZT
Шапка "Бини"
Любая шапочка без завязок, которая более-менее плотно обхватывает голову
7000 KZT